Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда "Шаңырақ+" бағдарламасының атын жамылған алаяқтар азаматтарды алдап соқты

Солтүстік Қазақстан облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар тұрғын үй кооперативінің атын жамылып, азаматтарды алдап соққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

маркетинг

Ведомство мәліметінше, ұйым азаматтардың табысына қарамастан баспана алуға көмектесу жолымен қаржылық қызмет атқарған. Әлеуметтік желілер мен WhatsApp арқылы қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылар "Шаңырақ+" бағдарламасы аясында ипотекаға балама ұсынып, тұтынушылардың қызығушылығын туғызған.

"Пирамидалық ұйымдардың қаржылық схемаларының біріне тұтыну кооперативтері кіреді. Алаяқтар үй немесе көлік сатып алу бағдарламасын ұсынады. Көп жағдайда ұйымға мүше болу үшін алғашқы жарна төлеу талап етіледі, ал оны кейін қайтарып алу мүмкін емес. Ал жылжымайтын мүлік жаңа салымшылардың есебінен сатып алынады", – дейді Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.



Бағдарламаға қатысу үшін 103 доллар төлеп, жаңа салымшыларды шақыру қажет екендігі аталып өтілген.

"Серіктестіктің филиалдарында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында серіктестіктің қызметі туралы мәліметтер, шарттар, тізімдер және салымшылар туралы ақпараттар бар баспа өнімдері, буклеттер, брошюралар табылып, тәркіленді", – деп қосып өтті агенттікте.

Аталған факті ойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғаны хабарланды. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланымға жатпайды.

"Құрметті тұрғындар, егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осындай пирамида ұйымына тап болса, дереу Қаржы мониторингі агенттігінің +7 (7172) 708-478 сенім телефонына немесе аумақтық қаржы мониторингі органдарына хабарласуыңызды өтінеміз", - деп ескертті Қаржы агенттігі.

Талқылау