Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) бастығы Әділет Мұстафинов ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Zakon.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің басшысы ұсталды.

"Письма президенту" Telegram-арнасы 9 шілдеде Мұстафиновтың "бір жұмбақ әйелден" 1 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен өз кеңсесінде ұсталғанын хабарлаған.



"Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген хабарламада.

Мұстафинов 2023 жылдың мамыр айынан бері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық іздестіру департаментін басқарып келеді.

Айта кетейік, бұған дейін Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында "Гастроцентр" директоры Бақытжан Байжановтың арызы бойынша ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызметтік тергеу басталғаны туралы жазған едік. 

Талқылау