Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Смартфонды ашық түрде қолданған": Шенеуніктердің балаларының ҰБТ кезіндегі қулығы әшкере болды

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов Қарағанды облысындағы ауылдардың бірінде өткен ҰБТ кезіндегі өрескел бұзушылық дерегі туралы айтты. Бұл туралы орталық басшысы Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дидар Смағұловтың сөзінше, таяуда бір әйел келіп, ҰБТ кезінде өрескел бұзушылыққа жол берілгенін айтып шағымданған. Айтуынша, аудиториялардың бірінде отырған жергілікті кәсіпкерлер мен шенеуніктердің балалары смартфонды ашық түрде қолданыпты.

«Видеожазбаны тексеріп, кезекшінің ашық түрде смартфонды пайдаланып отырған 5 адамды байқамауға тырысқанына, оларға көз салмағынына көз жеткіздім», - деп жазды орталық басшысы. 

Смағұлов тестілеу ережелеріне сәйкес, ҰБТ тапсыру кезінде смартфон қолданған талапкерлер бірден аудиториядан шығарылып, олардың тестілеу нәтижесі жоққа шығарылады. Алайда видеоға түсіп қалған балалардың кейбірі тестілеуден сәтті өткен. 

«Олардың екеуі, тіпті, шектік көрсеткішті жинай алмаған (49 және 22 ұпай). Алайда екеуі грантқа иеленген. Олар тестіні өз ақылымен тапсырған адал балалардың тегін білім алу құқығын иемденіп алды», - дейді ол.

Оның сөзінше, қазіргі уақытта аталған жағдайға қатысты қандай да бір шара қолдану мүмкін емес. 

«Иә, біз мұндай «кезекшіні» тізімнен алып тастадық. Өкінішке орай, біздің мүмкіндіктеріміз осымен бітеді», - дейді Смағұлов. 

Дидар Смағұловтың сөзінше, өзі бұл жағдайды байқамай қалуы да мүмкін еді. Алайда смартфон пайдаланған екі талапкер тестілеу кезінде қатарластарының алдында байланысы бар екенін көрсетіп мақтанған.  
«Олар ауылдағы мектебінің барлық түлегінің алдында байланысы бар екенімен мақтанды. Мұндай жағдайда қаншама ақылды жас мемлекеттің әділдігіне деген сенімін жоғалтады? Залалын есептеу мүмкін емес», - дейді орталық басшысы. 

Смағұлов ҰБТ электронды түрге өзгертілгеннен кейін мұндай алаяқтық деректері болмайды деп сендірді. Алайда мұндай өзгеріс енгенше, әлі бірнеше жыл бар. Осыған байланысты ҰБТ өткізу ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бастама көтердік, дейді ол.

Сондай-ақ, ол қазақстандық ІТ-компания видеосараптама жүйесін әзірлеуді ұсынғанын айтты. Мұндай жүйеде жасанды интеллект 1 000 видеодан бұзушылық жасағандарды өзі табатын болады. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...