Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Смартфон, гитара, шоколад: Тыңдармандары Ninety one солистерінің туған күніне ерекше сый жасады

Кешегі күн барша мемеберлер мен иглз үшін өте маңызды сәт болды. «Найнти уандықтарды» құттықтау үшін жанкүйерлер жан-жақтан, тіпті еліміздің алыс аймақтарынан да жиналған. Ал, кью-поп орындаушыларға табысталған тартулардың санына жету мүмкін емес.

Фото: НТК арнасынан скриншот

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Найнти уандық» мемберлер уәде еткендей, барша иглзды жанына жинап, ақпан айында дүние есігін ашқан Зак, Әлем мен Баланың туған күнін атап өтті. Кью-поп өкілдері мен жанкүйерлері басын қосқан ерекше мерекеде, ең алдымен құттықтау әні орындалды..

Жылы лебізі бен ақ тілегін ақтарғандардың қатарынан, тек фанаттарын ғана емес, топтың рухани әкесі – Ерболат Беделханды да байқап қалдық.

Игілігім деген иглз біткен, сүйікті мемберлерін сыйлықтардың астында қалдырды. Олардың арасында алыстан ат арылтып алдырған дүниелер де бар.

“Америкадан тапсырыс берілген смартфон. Және жеке тапсырыспен жасалынған гитара  «Alem-ге» және Даниярға кәсіби құлаққап берілді”, – дейді иглздардың бірі.

Айтулы шараға қатыса алмаған кей иглз, құттықтауларын видео арқылы жеткізді. «Найнти уандықтарды» жүзбе-жүз көрген өзге жанкүйерлердің, қуаныштан төбелері көкке жетті. Олар мемберлерге сыйлықтарын арнайы дайындаған.

“Үшеуіне үш түрлі браслет дайындап келдік. «Zaq-ка, Alem-ге, Bala-ға» Ия, қолдан жасадық. Және миллион иглздың ішінен, бесеуіміз суретке түсіп сол, өзіміздің қалаған сыйлығымызды беріп үлгердік”, – дейді бір топ иглз.

Тартуларын табыстай алмағандар, мемберлердің еншілерін қалайда өз қолдарына тигізбек.

“Біз оларға Америкалық шоколадтарға заказ берген болатынбыз. Өкінішке орай, бүгін біз оларға бере алмағандықтан, ертең «Juz» центрге тастап кетуді жөн көрдік”, – дейді жас тыңдарманның бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Қуандықпен дуэт айтқан Ақбота-Нұр сынға ұшырады (видео)

Дастан Оразбеков Төреғалидің әкесімен жаға жыртысқанын ашық айтты

Мейрамбек Бесбаев: Мерейтойыңда тілек айтамыз деп жүргенде, жаназаңда сапқа тұрып қалдық (видео)

Асхат Садырбай бұрынғы енесін туған күнімен құттықтап жұртты сүйсіндірді

 

Талқылау