СҚО-да ауыл шаруашылығы басқармасы кәсіпкерге төленуі тиіс 2 млрд теңгеден астам субсидияны негізсіз тоқтатқан
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары АӨК субъектісінің жолданымы бойынша ауыл шаруашылығы басқармасында 2 млрд теңгеден аса сомаға субсидия төлеуді тоқтата тұруды анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекеттік органдардың төлемдерді тоқтата тұру шешімдері прокурорлық қадағалау актілері бойынша бұзылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, 948 млн теңге субсидия төлеу арқылы кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді”, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қалған ақшаны төлеу бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі