"Сіздер білмейтін көп сыр бар": Mad Men тобының мүшелері есірткі сатумен айналысқан әріптестерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Қазақстандық Mad Men Q-pop тобының екі мүшесі әріптестерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Олардың әлеуметтік желі арқылы видео жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Топ мүшелерінің бірі Мадияр Ахметкали Instagram-stories-те жанкүйерлер үшін видео түсірді.
"Сіздер білмейтін көп сыр бар. Әзірге толық ақпарат айта алмаймыз, бірақ ерте қорытынды жасаудың қажеті жоқ. Біз бәрін шешкеннен кейін өзіміз айтамыз", - деді жігіт.
Сондай-ақ, ол қазір топтың қалған мүшелері жаңа альбоммен жұмыс істеуді жалғастырып жатқанын атап өтті.
Еске салайық, Алматы полициясы есірткі қылмысына қатысы бар деген күдіктілерді ұстады. Олардың арасында Mad Men тобының мүшелері бар екені туралы хабарланды. Есірткі қылмысына қатысы бар Mad Men тобының мүшелері 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Талқылау
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр
Желі қолданушысы: “Бұл биліктің назарды мәселеден басқа нәрсеге бұруы”
Үш күн ұйықтамай жасадық – Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасының жетекшісі
App Store-дың жалпы рейтингінде көш бастаған Aleem қосымшасының негізін қалаушымен сұхбат