"Сіз неге әншілердің шарусына араласасыз": Бесбаев Балиевадан әншілерге қоқаң-лоққы көрсетпеуін талап етті

Бірнеше күн бұрын бір топ танымал әншілер кезінде өздері құрған авторлық құқық ұйымынан жарытып қаламақы ала алмадық деп дау көтерген болатын. Ұйым мүшелері болып бұрынғы басшы Зағипа Балиеваны орнынан алып, Мейрамбек Бесбаевті төраға етіп сайлаған еді. Бүгін Бесбаев өз парақшасындағы жазбасында бұрынғы басшы Балиеваға заңсыз әрекеттерін тоқтатып, қоқаң-лоққы көрсетуін доғаруын талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мейрамбек Бесбаев

"Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы - құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды", - деген әнші барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталып, хаттама толтырылғанын, бас директор қызметіне кірісуі туралы бұйрық та шығып қойғанын айтты.

Осыған қарамастан әнші Балиеваның заңсыз үстемдік жасап, қысым көрсетіп жүргенін желіде жасырмай жайып салды. 

"Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз. Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз! Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын боп жатырсыз?!" - деп ашуға мінген Бесбаев бұрынғы басшының бұл қылығын түсіне алмай отырғанын және мұндай іс үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа екенін баса айтты. 

"Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға, яғни, маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!" - деп қадап айтты Мейрамбек Бесбаев. 

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бірнеше халық артисі мен танымал әншілер неше жылғы қаламақыларын даулап жиналыс жасағанын айтқан едік.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Открытого шовинизма нет, но притеснения бывают": Как живет казахская диаспора в России

В Астраханской области по последним официальным данным живут более 150 000 казахов.

Лукашенко Қазақстан және Ресеймен бірігудің маңыздылығы жоқ деп айтты

Оның сөзінше, әрбір мемлекет өз мәселелерін жеке дара шешкені жөн

«Біздің елде мәдениет әлі де төмен»: Санкт-Петербургта оқып келген режиссер қазақстандық фильмдер және адамдар туралы

Режиссер отандық кинобизнестегі лайықты жұмыстарды атады

Әлемдегі ең танымал мобильді қосымша анықталды

TikTok қосымшасының осы жылы ең көп жүктелгені анықталған

Түркіменстанда барлық әйелдер мен қыздарға 8 наурыз қарсаңына 3 доллардан беріледі

8 наурызда президенттік "сыйлықтар" алушылар тізімінде жұмыссыз әйелдер жоқ. Алайда мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілері де ақша алады.

Ғалымдар тәтті сусындардың қауіптілігін анықтады

Сусындар ағзаның жұмысына кері әсерін тигізеді

Қатерлі ісік тудыратын танымал өнім жария етілді

Лома Линда денсаулық университетінің мамандары сүттің қаупі жайлы айтпы берді

Коронавирус тағы үш елде табылды

Ауруды Ираннан және Италиядан келген азаматтар жұқтырған

Гонконгта ит коронавирус жұқтырып алды

Гонконг билігі иттен коронавирус анықтады

Министр Тоқаевқа: Бірқатар ауылдарда жылдам интернет іске қосылады

Осы жылдың соңына дейін 250 ауылда интернет тартылады
Çàãðóçêà...