"Сіз қаладағы жолмен жүріп көрген адамсыз ба?": Семей әкімінің желідегі жазбасы халықты ашуландырды
Семей әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қаладағы жолдарды мақтап жазған жазбасы тұрғындардың шамына тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгінде күні қаладағы жолдардың 78%-ының жағдайы жақсы", - деп жазыпты қала басшысы.
Шенеуніктің бұл айтқаны халыққа жақпаған сыңайлы, ашулы тұрғындар Instagram желісіндегі жазбаның астына өз пікірілерін жарыса жазуда.
"Жолдардың 78%-ының жағдайы жақсы дей ме? Бұл көрсеткіш қалай есептелді? Қазір бір сау көше жоқ, жолдардың барлығы шұрық-тесік. Айтып отырғаным - қаланың қақ ортасындағы жолдар, шеткі көшелердің жағдайы тіпті қорқынышты. Біреу өтірік ақымақ болып оытрған сыңайлы", - деп жазыпты бір желі қолданушысы.
"Сіз Семейдің көшелерімен жүріп көрдіңіз бе?", - дейді тағы бір желі қолданушысы.
"Мүмкін ол жолдардың 78%-ында шұңқыры бар деп айтқысы келген шығар?", - деп жазыпты тағы бірі.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды