Сиви Махмұди алғаш рет күйеуін бейнебаянға түсірді (видео)
Сиви Махмұди халыққа “Сен білесің” атты бейнебаянын ұсынды. Әнші алғаш рет үш баласының әкесін көрсетті.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Қаңтар айында Сиви Үндістанның Гоа аймағында болып, 2 бірдей бейнебаян түсіріп келген еді. Оның алғашқысын әнші көп ұзамай жарыққа шығарды. Ол Айдарбек Рысбекпен бірге айтқан “Қозы Көрпеш Баян Сұлу” атты әнге таспаланған болатын.
Енді, міне араға бірнеше ай салып, әнші өзінің жеке орындауындағы “Сен білесің” атты бейнебаянды ұсынды.
Естеріңізде болса, дәл осы туындыны таспалау барысында Сиви түйеден оңбай құлап, жарақат алған болатын.
“Ешкім қасыма жақындай алмады. Қатты шошынып қалды. Араларында саспаған жолдасым ғана болды. Онымен бірге бейнебаянға еркін түстім. Заңды жолдасым болғандықтан, еркін құшақтастық. Ара-қатынасымыз өмірде шынайы болғандықтан, бұл әдемі көрінеді. Екіншіден, күйеуімнің ұялмай көрсететін денесі бар. Аллаға шүкір, жаратқан тіл-көзден сақтасын. Аяқ-қолы балғадай, денелі, керемет жігіт. Мен үшін одан көрікті жігіт жоқ”, – деген еді Сиви бір сұхбатында.
Жіберіп алмаңыз:
“Музарт Life” тобы халыққа алғашқы бейнебаянын ұсынды (видео)
Айдар Тұрғанбек елді ораза ұстауға үндейтін бейнебаян түсірді (видео)
Баян Есентаева: Димаш пен Қайратты салыстыру кәсібилікке жатпайды
Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді