"Сыра ішіп, бізбен жүр": Алматы облысында екі ер адам өздеріне көнбеген 9 жасар баланы соққыға жыққан
Әлеуметтік желілерде Алматы облысының Өтеген батыр кентінде екі ер адамның 9 жасар балаға шабуылдағаны туралы ақпарат тарады. Олар балаға “сыра ішіп, өздерімен бірге жүруді” талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com
Куәгерлердің айтуынша, бала сыра ішіп, олармен бірге барудан бас тартқан. Бұдан соң олардың бірі баланың басынан ұрып, киімін жыртқан. Өтіп бара жатқан адамдар көріп, араша түсіп, шабуылдаушыны полиция келгенге дейін ұстаған.
Алматы облысының полиция департаменті бұзақылық іс-қимыл фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады.
"Күдікті анықталып ұсталды. Қазір уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында", – деді ведомство.
Кейін желіде дәл осы ер адамдардың ауылда, балабақшаның жанында көзге түскені туралы ақпарат тарады. Олар серуендеп жүрген балаларды бақылап отырған.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге