Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 8 қаласына ескерту жасады
Метеорологтар 21 қаңтарда Қазақстанның 8 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Болжам бойынша, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды және Теміртау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Бұл қалаларда ауа-райы салдарынан атмосферада ластаушы заттар жиналады.
Метеорологтар 21 қаңтарда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын да ұсынды.
"Бұрынғыдай республиканың басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Мұнда қар, көктайғақ және бұрқасын болады, тұман және желдің күшеюі күтіледі", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол жабылғанын хабарлаған едік.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды