Синоптиктер қар жауады деп болжап отыр: 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 7-9 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Болжам бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғатын жаңбырлы ауа райы сақталады.
8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, түнде көктайғақ түріндегі жауын-шашын күтіледі.
"Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында ауа температурасы күндіз 18-25 градус Цельсийге дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі температура 22-30 градусқа дейін жылынады", – делінген хабарламада.
Талқылау
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып