Алматыда жолдың қарама-қарсы бағытына бұрылған полиция көлігі мопед жүргізушісін қағып кетті
Алматыда полиция қызмет көлігінің жолдың қарама-қарсы бағытына кенет бұрылып, мопед жүргізушісін қағып кеткені түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото желі кадрларынан скрин
EGOV.PRESS Telegram арнасында жарияланған видео кадрларында полицияның қызмет көлігінің күтпеген жерден қарама-қарсы бетке жылдамдықпен бұрылғаны көрсетілген. Салдарынан ол жол бағытына шыққан мопед жүргізушісін қағып кеткен.
Желі қолданушылары видео астына түрлі пікір қалдырды:
“Мен полиция қызметкерлерін ешқашан жақтаған емеспін, бірақ дәл осы жағдайда мопед жүргізушісі кінәлі”, “Оларға бәрін істеуге болады”, “Жарады, бұрылыс кезінде бар жылдамдықты аямапты”, – деді желі қолданушылары.
Оқиғаға байланысты полиция департаменті пікір білдіріп, жол-көлік оқиғасының Алматы қаласының Жетісу ауданында болғанын жеткізді.
“Патрульдік полиция экипажы шұғыл шақыруға бара жатып, белгіленген ережелерге сәйкес қатаң түрде бұрылу маневрін жасады. Алдын ала жарқыраған маяктар мен дыбыстық белгіні қосты. Жол қозғалысына қатысушылар полиция көлігіне қозғалыс артықшылығын берді. Алайда қоғамдық көлікке арналған жолақпен жүрген мопед жүргізушісі заңның талаптарын елемей, патрульдік машинамен соқтығысты. Ол медициналық көмектен бас тартты. Жол көлік оқиғасы фактісі тіркеліп, "Chevrolet" автокөлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Өндіріс материалдары сотқа жіберіледі”, – делінген хабарламада.