Адам етінің дәмі бар вегетариандық бургер жасалды
Швециялық “Oumph!” фирмасы адам етінің дәмі бар вегетариандық бургер дайындады. Жаңа өнім және оның жарнамасы "Канн арыстандары" халықаралық шығармашылық фестивалінде жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бургерді жасағандардың сөзінше, бургер толығымен бұршақ, саңырауқұлақ, бидай ақуызы, өсімдік майлары және "құпия қоспа" секілді толығымен вегетариандық өнімдерден дайындалғанымен, адам еті мен терісінің дәмі бар.
"Oumph! арнайы гамбургерді дайындау арқылы өсімдіктердің көмегімен кез келген еттің дәміне ұқсайтын өнімді дайындауға болатынын дәлелдегісі келді", – деді компаниядағылар.
Фирма басшылығының сөзінше, бургер тамақ талғағыш кез келген адамға ұнайды.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған