Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

35 жастағы әйел тым көп су ішіп көз жұмды

35 жастағы Эшли Саммерс төртінші шілде күні Фриман көлінде жайбарақат демалысын өткізгеннен кейін көп ұзамай судан уланып көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Саяхатының соңғы күнінде оның бас айналып, ауырған. Сондай-ақ ағзасы сусызданып, шөлдей берген. Бірақ судың ешбір мөлшері оның шөлін қандыра алмапты. Көз жұмбастан бұрын төрт бөтелке (1 бөтелке 500 мл ) шамасында су ішкен. 

Мисс Саммерс үйіне келгенде миының қатты ісіп кетуіне байланысты гаражда есінен танып қалған. Сөйтіп есін жимастан көз жұмды.

Ауруханада дәрігерлер оған гипонатриемия немесе судың интоксикациясы деп аталатын диагноз қойған. Ол денеде судың көп болуы және натрийдің жеткіліксіз болуы нәтижесінде пайда болады. 

Мисс Саммерстің ағасы Девон Миллер қарындасының жағдайы туралы естігенде өз құлағына өзі сенбегенін айтады.

“Бұл бәріміз үшін үлкен соққы болды. Мен біраз уақыт ойланып тұрдым”, – дейді ол. 

Миллер сондай-ақ оның қатты шөлдегенін, құмды жағалаудан шығып, айлаққа жеткенде дейінгі 20 минуттың ішінде қарындасының 4 бөтелке суды ішіп тауысқанын жеткізді. 

Саммерс отбасы демалыс күндері Индианаполистен солтүстікке қарай 80 миль жерде орналасқан танымал жазғы демалыс орны Фриман көліне барған. Ағасының айтуынша, Эшли "суға барғанды ұнататын".

Олар бұл жерде 1 шілдеден 4 шілдеге дейін демалған. 

Сейсенбі күні таңертең Мисс Саммерстің жақындары оның ағзасының сусызданып, қанша су ішіп шөлін қандырғысы келсе де одан нәтиже шықпағанын айтты. 

Сейсенбі күні кешке Миллерге басқа туысынан Эшли туралы жаман хабар жеткен. Ол гаражда есінен танып, Индиана университетінің Арнетт ауруханасына жеткізілген. 

Осылайша Мисс Саммерс есін жимастан көз жұмған. Оған дәрігерлер оған судан улану немесе гипонатриемия диагнозын қойды.

Бұл жағдай қысқа уақыт ішінде шамадан тыс мөлшерде су ішкеннен пайда болады. Ағзаның күрделі мүшелер жүйесінің, ең алдымен бүйректің сұйықтыққа байланысты тепе-теңдігін реттеу қабілетін тежейді. 

Негізінде су мен натрий, калий және хлорид сияқты электролиттер арасындағы тепе-теңдік сақталып, бұл жасушалардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуі қажет. 

Натрий әсіресе электрлік импульстар арқылы жасушалар арасындағы байланысты сақтауда үлкен рөл атқарады. 

Натрий сонымен қатар ас қорыту жүйесі мен бүйректегі қоректік заттардың сіңуіне ықпал етеді, яғни қанға қайта сіңетін немесе несеппен шығарылатын су мен электролиттердің мөлшерін реттейді.

Талқылау