ШҚО-дағы орман өртін ауыздықтауға тікұшақтар жұмылдырылды
Семей орманында орын алған өртті өрт сөндірушілер тікұшақтармен сөндіруге кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алғашында өрт аумағы 100 гектарды құраған, кейіннен тілсіз жау 300 гектарға шауыпты.
Қазіргі таңда өртті ауыздықтауға 190 қызметкер мен 45 техника бірлігі жұмылдырылған. МИ-8 тікұшағымен ек рет бес тонна су өрт аумағына төгілген.

Өрт кезінде жел секундына 20-25 метр жылдамдықпен соққандықтан оны сөндіру қиынға соғуда екен.
ІІМ ТЖК мәліметінше, ормандағы өрт 23 сәуір күні сағат 15:00 шамасында басталған.

Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды