ШҚО-да студент алимент өндіру үшін әкесін сотқа берді
Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының №2 сотының мәліметінше, ер адам баласына өз еркімен материалдық көмек көрсетпегендіктен, қызы оны сотқа берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаңтарда қыз 18 жасқа толды, әкесінің алимент төлеу жөніндегі міндеттемелері тоқтатылды. Содан кейін әкесі оған қаржылай көмек бермейтін болған. Алайда қыз жылына 250 теңге төлеп, колледжде оқып жатыр.
"Егер ата-аналар 21 жасқа толмаған, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқу нысанында оқитын кәмелетке толған балаларына ақша бермесе, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады”, – делінген соттың мәлімдемесінде.
Сот отырысында тараптар бітімгершілік келісімге келді, яғни дау медиация тәртібімен шешілді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты