ШҚО әкімі Ермек Көшербаев шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев актерлермен, жазушылармен, ақындармен, археологтармен, өз шығармашылығымен Шығыс Қазақстан брендін әлемдік деңгейде танытып жүрген жандармен кездесті.

Мәселен, археолог Зейнолла Самашев өзінің ашқан жаңалықтарымен жаһанға "Ұлы Дала алтыны" көрмесін сыйға тартса, ал жазушылар мен ақындар аймақтан тыс жерлерде де танымал екендігі сөзсіз. Бүгінде қалам ұстап, тарихтан сыр шерткен жандар, өмірлік мол тәжірибелерімен өскелең ұрпақпен бөлісіп, әрқашанда жас таланттарды қолдап, демеп келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Ермек Беделбайұлы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актерлік труппасына ерекше назар аударды. Бүгінде олар спектакльдерді жаңашыл тәсілмен қойып, көрерменнің алғысын алып, құрметке бөленуде.

Экономикалық даму, әрине, өте маңызды, бірақ дәстүр мен ұлттық бірегейлікті сақтау үшін рухани даму аса қажет. Шығармашылық адамдар, зиялы қауым өкілдері бұл тұста аянып қалған емес.

Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі