Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер біржақты санкцияларға қарсылық танытты

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер біржақты санкциялар мен сауда шектеулері үшінші елдер мен халықаралық экономикаға кері әсер етеді деп есептейді. Бұл туралы ШЫҰ саммитінің қорытындысы бойынша қабылданған Астана декларациясында айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

“Көпжақты сауда жүйесін бұзатын және жаһандық тұрақты дамуға кедергі келтіретін протекционистік әрекеттерге, біржақты санкцияларға және сауда шектеулеріне қарсы тұрады. Ұйымға мүше мемлекеттер санкцияларды біржақты қолдану халықаралық құқық қағидаттарымен үйлеспейтінін және үшінші елдер мен халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізетінін айтты", – делінген Астана декларациясында. 

Сондай-ақ ШЫҰ мемлекеттері кедергілерді жоюға және сауда рәсімдерін жеңілдету үшін ортақ тәсілдерді әзірлеуге ниет білдірді. Декларацияда "ШЫҰ кеңістігінде халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейін арттыру мәселелері бойынша халыққа бағытталған өзара іс-қимылды" одан әрі тереңдету туралы да айтылған. 



Мүше-мемлекеттер электрондық сауда саласындағы ынтымақтастықты арттырудың, цифрлық технологияларды пайдаланудағы білім мен тәжірибемен алмасудың, электрондық саудадағы тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың және дауларды онлайн форматта шешудің маңыздылығын растады.

Бұған дейін Тоқаев "Шанхай ондығына" кіретін елдер үшін стратегиялық маңызы бар бағыттарды атады.

Талқылау