"Шынайы курс": Ұлттық экономика министрі теңгенің қазіргі құнына қатысты пікір білдірді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров теңгенің нығаюына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұлттық валютаның "нағыз курсы" қалыптасты. Бұл туралы министр 25 мамыр күні мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Кейін жағдай тұрақталды. Қазір жағдайдың әлдеқайда жақсарғанын көріп отырмыз. Соған қарамастан, біз наурыз айында бюджетті нақтылай бастадық. Болжам бойынша доллар курсын 460 теңгеге дейін көтердік", - деді Қуантыров.
Министрдің айтуынша, үкімет, Ұлттық банк пен қаржы реттеушісі экономиканы тұрақтандырып, жағымсыз факторларды азайту үшін бірігіп жұмыс істеуде.
- Ресейліктердің көптеп келуі Қазақстанның еңбек нарығына зиянын тигізе ме? Еңбек министрі жауап берді
Айта кетейік, наурыз айында ұлттық валюта құны рекордты көрсеткішке дейін жеткен еді (1 доллар - 510 теңге). Есесіне соңғы аптада теңге бағамы нығаюда. 25 мамыр күнгі сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 415,12 теңгені құрады.
"Ұлттық банк соңғы айларда интервенция жасаған жоқ. Сәуір мен мамырда анық жасалмады. Қазіргі курс шынайы", - деді министр.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды