Шымкенттік жас спортшы сербиядан жүлделі оралды
Бүгінде Шымкентте Халықаралық спорт додаларында жетістіктерге жетіп, еліміздің мақтанышына айналып жүрген оқушылар көп. Солардың бірі - Ерзат Каналбаев. Ол бүгінде қаламыздағы № 23 мектеплицейінің 9 сыныбында оқиды. Жастайынан спортты жанына серік еткен Ерзат қалалық, республикалық ойындардың жеңімпазы.

Атап айтар болсақ, 2018 жылғы Шымкентте өткен мектеп-интернат арасындағы таеквондодан республикалык турнирде 3-орын алса, 2019 жыл республикалык Астана ашық турнирінде 1-орын иеленді.
Ал мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында таеквондодан 49 келі салмақ дәрежесінде І орын алды.
Жастар арасында жарыстарда көптеген жетістіктерге қолжеткізіп жүрген Ерзат Каналбаев жақында Сербия қаласында "Дүниежүзілік мектеп ойындары" атты өткен таеквондодан жүлделі ІІІ орын иеленіп қайтты.
Талай байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрініп жүрген жас спортшы бүгінде "Спорт шеберіне" үміткер.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі