Шымкенттік нысана көздеушілер топ жарды
Бангладеште нысана көздеуден халықаралық онлайн турнир өтуде. Жарыс барысында кеше Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, қоржынға 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде салды.

Жүлденің 1 алтын, 1 күміс жүлдесі құрама сапындағы Шымкенттік спортшылардың еншісінде. Жерлестеріміз Елизавета Безрукова пневматикалық винтовкамен 10 метрге ату жаттығуы бойынша 629,6 ұпай санымен жеңімпаз атанып, Қазақстан рекордын жасады, ал Ирина Локтионова пневматикалық тапаншамен 10 метрге көздеу бәсекесінде 568 ұпаймен күміс жүлде жеңіп алды.
Сонымен бірге алматылық спортшылар да жүлделі орындардан көрінді.
Халықаралық онлайн турнирге Украина, Бангладеш, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, Бахрейн елінің спортшылары қатысты.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр