Шымкенттегі жаңадан коронавирус жұқтырған адамдар туралы не белгілі
Таңертеңгі жағдай бойынша елде коронавирусты жұқтырудың 32 жаңа жағдайы анықталды, оның төртеуі Шымкент қаласында тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бәрі коронавирус жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған және зертханалық сынама алынған. Нәтижесінде COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары бірқалыпты. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынып жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Осы уақытқа дейін Шымкентте коронавирус жұқтырған 27 адам анықталды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған