Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде күйеу жігіт қызды өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген
Шымкенттегі қонақүйлердің бірінде полицейлер өзіне қол салмақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 3 шілдеде болған. 21:40 шамасында полиция департаменті жедел басқару орталығына қыздың 3-қабаттан секіргелі жатқаны туралы ақпарат түскен.
"Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері келіп, 23 жастағы қызды құтқарып қалды. Анықталғандай, қыз мұндай қадамға күйеу жігітімен жанжалдан кейін барған. Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша тіркелді", – деді полицейлер.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған