Шымкенттік емші асырап алып азаптаған алты баланың қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқу ағарту министрлігі шымкенттік емші Ұлықбек Сманов асырап алып, ұрып-соққан алты баланың қазіргі жағдайы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден
“Балалар жетімдер үйіне және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға жіберілді”, – деп жазды ведомство.
Министрліктің мәліметінше, балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Сондай-ақ оларға психологиялық көмек көрсетілді.
Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте ер адам асырап алған алты балаға ит етін жегізіп, мал бақтырып келгені туралы жазған едік. Кейін ер адам психикалық ауруына байланысты жазадан құтылып кеткені айтылды. Сонымен қатар шымкенттік емшінің бұған дейін адам өлтіргені анықталған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"