Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус жолдың қарсы бетіне шығып кеткен: Жол апатынан 4 адам көз жұмды

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус жолдың қарсы бетіне шығып, 6 адамды қағып кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

автобус

Оқиға 8 сәуірде кешкі сағат 18:30 шамасында болған. Полиция мәліметінше "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қаққан.

Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада жатыр.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жүргізушінің соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады. Қазір оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды. Ал жүргізуші уақытша изоляторға қамалды.

Талқылау