Шымкентте жасөспірім қараусыз қалған карьердегі суға батып кетті
Он бес жастағы жасөспірім Шымкенттің Қайтпас-1 шағын ауданында қараусыз қалған карьер шұңқырында суға батып кетті. Оқиға 2 мамыр күні сағат 14:45-те болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Карьер шұңқыры қараусыз қалғандықтан, мұнда жер асты сулары жиналған. Әрі шұңқыр шомылуға арналмаған. Дәл осы жерде 2007 жылы туған бала суға батып кетті.
“Жедел құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері оқиға орнына жетіп, іздеу жұмыстарын жүргізді. Сағат 16:20-да суға кеткен жасөспірімнің мәйітін тауып, жағаға алып шықты. Оқиғаның себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің 5 қызметкері және 4 сүңгуір жұмыс істеген.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды