Шымкентте тұрғындардың талап-тілегіне орай жарық желілері жаңартылды
Бүгінде Абдулабад тұрғын алабында "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің инвестициялық жобасы аясында екі жаңа трансформатор орнатылып, 320 абоненттің электр бағаналары мен желілері жаңартылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған дейін Еңбекші ауданының әкімі Д.Есілбек пен Шымкент қалалық маслихатының депутаты Б.Аширбаевтың Қаратөбе аумағының тұрғындарымен кездесуі барысында жарық жүйелерін қалпына келтіруге қатысты талап-тілектер айтылған.
Тұрғындардың шағымы ескеріліп, тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар Базарқақпа тұрғын алабында 3 дана,Тұрдыабад тұрғын алабында 1 дана, Бадам-1 тұрғын алабында 2 дана ескі трансформаторлар ауыстырылып, жаңадан орнатылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы электр жарығымен қамтамасыз етуге оң әсер етуде.

Халыққа қолайлы жағдай жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Алдағы уақыттарда бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табатын болады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр