Шымкентте түлектер кортежінің жүргізушілеріне айыппұл салынды
Әлеуметтік желіде Шымкент көшелерінде жүрген көліктердің видеосы жарияланды. Видео қалалық полиция департаментінің назарына іліккен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап.

Полиция департаментіндегілер жол ережесін бұзған жүргізушілердің жазаға тартылғанын мәлімдеді.
"Жергілікті полиция департаментінің қызметкерлері Hundai Accent, Toyota Land Cruiser және Toyota Camrу көліктерінің жүргізушілерін анықтап, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 590 (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 593-баптары (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша жауапқа тартты", – деп хабарлады ведомстводағылар.
25 мамырда Шымкент полицейлері жол ережесін бұзғаны үшін 132 жүргізушіні жауапқа тартқан. Соның ішінде 10 көлік айып тұрағына қойылды.
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар
“Перизаттың миллиардтары, ұлының еміне жинаған қаражатты жымқырған ата-ана, Шерзат соты": 2025 жылы ел аузында болған оқиғалар
2025 жыл Қазақстанда сот залдары мен әлеуметтік желілерді қатар шулатқан резонансты істермен есте қалды