Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте төбелестен ес жимай қаза болған жігіттің туыстары президенттен көмек сұрады

Шымкентте төбелестен ес жимай кеткен 17 жастағы жігіттің туыстары, ел Президентінен көмек сұрайды. Олар тергеудің әділ жүргізілмей жатқанына ашынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме жасап. 

төбелес

Абзал төбелес кезінде басынан ауыр соққы алған. Марқұм - отбасының төрт перзентінің екіншісі. Жүрегі қан жылаған ана елордалық дәрігерлер дер кезінде көмекке келгенде жағдай басқаша болар ма еді дейді.

"Мүмкін ертерек әрекет қылған кезде балам аман қалатын ба еді?.. Өтінем сіздерден, барлығы жазасыз қалмасын. Жазасын алсын", - деді марқұмның анасы Гүлбаршын Қадырқызы.

Марқұмның туыстарының құқық қорғау органдарының жұмысына да көңілдері толмайды. Абзалдың ағасы полиция оқиға орнындағы бейнежазбаларды алмады, куәгерлер дұрыс сұралмады деп санайды. Оның білуінше үш бозбаланы жабыла соққан көрші ауылдың 20 жігітінің барлығы бірдей тергеліп жатқан жоқ. Тіпті қылмыстық іс басқа баппен тергеліп жатыр екен. Сондықтан қара жамылған отбасының ендігі үміті ел президентінде.

"Бұл қайғылы оқиға, 106 баптың 3 тармағы бойынша қозғалып жатыр.  "Адамды жауыздықпен өлтіру", 21-ғасырда жауыздықпен өлтіру және топпен жабылып өлтіру бабы бойынша қатаң түрде жазалауларын сұраймыз. Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Өзіңіз жеке қадағалауыңызға алып, сол жерде төбелеске қатысқан бүкіл кінәлілердің бәрі жазалануын қалаймыз", - марқұмның ағасы Алмас Өткіров.

Төбелестің куәгері Дулат Қамытбек Абзалдың бала күннен бергі досы. Сол күні биллиярд ойнауға үш жігіт болып шыққан. Бірақ көрші ауылдың жігіттері сөйлесуге шақырыпты. Айтуынша, бұл жанжалға Абзал екеуінің қатысы жоқ көрінеді. 

"Ешкімнің қатысы болмады. Сол Ернар мен Абылайдың арасындағы төбелес болды. Біз, шындықты айтқанда, досы боп бардық. Ал былай Абзалдың басқамен шатағы жоқ, өзімен өзі жүрген бала еді", - деді ол.

Өрімдей жастың өмірін қиған қанды оқиға мамырдың 22-нен 23-не қараған түні Майатас ауылың тұсында болған. Куәгерлердің білуінше үш адамға жиырмаға тарта жігіті жабылған.

Бұл іске қатысты полиция әзірге жақ ашпай отыр. Баспасөз қызметі бауырынан айрылған Алмастың арызынан соң төрт күдіктінің қамауға алынғанын ауызша ғана айтқанмен сұқбат бермепті. Арна, тіпті прокуратураға да сұраныс хат жолдаған. Алайда құзырлы орындардан да әзірге жауап жоқ. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр