Шымкентте өкпені жасанды желдету аппаратын жасайтын зауыт ашылады
Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов мегаполисте өкпені жасанды желдету аппаратын жасайтын зауыт ашылатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз жақын арада Kazmedpribor ЖШС-мен бірге ӨЖЖ аппараттарын шығара бастаймыз. Бұл жобамен үш ай бойы белсенді жұмыс істедік. Келесі кезең - қажетті сертификаттарды алу және біз толық іске кірісеміз", - деп жазды әкім Instagram-дағы парақшасында.
Дегенмен, Әйтенов бірінші кезекте қаладағы ауруханаларды керек-жарақтармен толтырып, содан кейін елдің басқа ауруханаларына көмектесу екенін атап өтті.
Сонымен қатар, әкім "Kazmedpribor Holding" ЖШС директоры Рахат Байзақовқа ерекше алғысын білдірді.
Әйтеновтің жазуынша, Рахат Тұрғанбекұлы қала тұрғындарына 150 дана төсек-орын, инфузия құюға арналған 400 дана штатив және 40 дана медициналық бағана сыйлаған.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"