Шымкентте лауазымды тұлғалар "Аrtsport" платформасы арқылы ақша жымқырған
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Аrtsport" платформасы арқылы 10 миллион теңге көлемінде ақша жымқырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшылығына және 2022 жылы өздерінің бақылауындағы фирмаларды қолданып "Аrtsport" платформасы арқылы балалар шығармашылығын жан басына қаржыландыруға бөлінген қаражатты ұрлауды ұйымдастырған басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу жүріп жатыр.
“Департамент тергеуінде 10 миллион теңге шамасында "Аrtsport" ақпараттық жүйесі арқылы балалар үйірмелерге қатысқандығы туралы жалған мәліметтерді пайдаланған ұрлаудың екі фактісі бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында 2022 жылы Шымкент қаласына 2,3 миллиард теңге бөлінген. Бюджет қаражатын иемдену бойынша ұқсас фактілері қосымша тексеріліп жатыр”, –делінген хабарламада.
Соттың санкциясымен басқарма басшысы қамауға алынды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды