Шымкентте көп балалы аналар SMM курсын тегін оқуда
Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты "SHANYRAQ" Отбасы институтын қолдау орталығы көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табу жолдарын үйрету үшін түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар беріп, тегін курстар өтуде.
Байдібек би даңғылында орналасқан "Shanyraq" орталығында бүгінде заманауи қажетті білімдердің бірі болып отырған SMM курсын 20-дан астам көпбалалы ана оқып жатыр.
Курс 1 ай мерзімге созылады, аптасына екі рет өткізіледі. Бүгінде көпбалалы және аз қамтамасыз етілген аналардың бесеуі әлеуметтік желі арқылы ақша табудың жолдарын үйреніп, үздік аяқтағандары үшін арнайы сертификаттар алды.
Курсқа жазылу және толық мәліметтер алу үшін 8775 045 39 17 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Мекенжайы: Бәйдібек би даңғылы, 32 а.
Талқылау

"Ауаға ең күшті улы заттар тарады": Экологтар Алматыдағы қоқыс полигонының өртіне байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді

"Сиыр етінің келісі 6000 теңгеге жетті": Қазақстанда ет бағасының өсуіне не себеп болды
Кейінгі кезде сиыр етінің келісі 6 мың теңгеге жеткені туралы сөздер халық наразылығын тудырды