Шымкентте карантин шаралары ұзартылды
Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шектеу шараларының мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Адам көп шоғырланатын шаралар өткізуге тыйым салу, жасы 65-тен асқан адамдардың қоғамдық орындарда жүріп-тұруын шектеу шаралары жалғасатын болады.
Ұлттық құрама мен клубтық командалардың (30 адамнан аспайтын) жаттығуына рұқсат берілді. Сквер, саябақ пен жағалаулар бұрынғы режимде жұмыс істей береді.
Қоғамдық транспорт санын көбейту тапсырылды.
Қаулы 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оның толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"