Шымкентте хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті
Шымкент қаласының инвестицялық штаб отырысында хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы талқыға түсті. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-ииновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков хаттамалық тапсырмалардың орындалуы бойынша баяндама жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басқарма басшысының айтуынша, жалпы 145 хаттамалық тапсырма берілген. Бүгінде оның 137-і орындалса, 8-і орындалу сатысында.
Атап айтқанда, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2, энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы тарапынан 6 тапсырма орындалуда.
"Тассай" индустриялық аймағында орналасқан "DENTAFILL KAZAKHSTAN" ЖШС дәрі-дәрмек және гигиеналық бұйымдар өндірісі жобасын қажетті газ жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі бойынша ұсыныс енгізілген болатын.
Бүгінде "Тассай" индустриялық аймағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға табиғи газдың жетіспеушілігі бойынша 2-ші кезеңінің құрылыс жұмыстарына (табиғи газ) жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Сонымен қатар, "Тассай" индустриялық аймағы инженерлік инфрақұрылымының құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздемесіне түзетулер енгізілуде.
2021 жылдың қыркүйек айының соңына дейін сараптама қорытындысы алынады.
Құрылыс жұмыстарын 2021 жылдың соңына дейін жүргізіп, аймақтағы өнеркәсіп нысандарын табиғи газ жүйесімен қамту жоспарлануда.