Шымкентте футболшылар мен жанкүйерлер төбелесті
Шымкенттегі футболда жанкүйерлер мен ойыншылар төбелесіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

11 тамызда Шымкент қаласындағы "Биик" шағын стадионында "Қайрат-жастар" және "Оңтүстік" жастар құрамаларының кездесуі өткен.
Бірақ ойын барысында алматылық команда ойыншылары мен жергілікті жанкүйерлер арасында төбелес болды.
Төрешілер ойыншыларға шара қолданды. Ал команда жанкүйерлері полиция бөліміне жеткізілді.
"Полицияға шағым түскен жоқ. Ал, жанкүйерлерге футбол матчтарында өзін-өзі дұрыс ұстау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді", – делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратында.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар