Шымкентте ер азаматты көлікпен қағып өлтіріп, тонап кеткен
Шымкент қаласының 15 жастағы тұрғыны әлдекімдердің оның әкесін көлікпен қағып, тонап, сол жерде қалдырып кеткенін мәлімдеді. Жасөспірім қыз қазақстандықтардан оқиғаға кінәлілерді табуға көмектесуін сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Менің есімін Нұрилә. 6 шілдеде мен әкемнен айырылдым. Оны Қазыбек би көшесінде орналасқан филармония маңында көлікпен қағып кеткен. Қаскөйлер әкемнің телефонын, құжаттарын және қалтасында болған қомақты қаржыны алып кеткен. Қансырап жатқан әкемді сол маңдағы тұрғындар көріп, жедел жәрдем шақыртқан. Алайда оны құтқару мүмкін болмады. Осы ақпаратты таратуларыңызды сұраймын. Біз әкемді өлтірген адамды тапқымыз келеді", – дейді ол.
Шымкент қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты 345-баптың 3-тармағы "Абайсызда адам өліміне алып келген жол ережесін немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу" және 347 бап "Жол-көлік оқиға болған жерден қашып кету" бойынша іс қозғалғанын мәлім етті.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жүргізуші мен автокөліктің тұрған жерін анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда", – деп хабарлады құқық қорғау органдарының өкілдері.