Шымкентте ер адам бірнеше рет көлік астына жатып, артынан көпірден секірмек болған
Шымкентте ер адам көпірден секіріп, өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Оған дейін ер адам бірнеше рет жолға шығып, жүріп бара жатқан автокөліктердің алдына жатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” арнасына сілтеме жасап.

Суицид жайлы ақпаратты полицияға кездейсоқ өтіп бара жатқан адам хабарлаған. Кейін тәртіп сақшысы көпір жаққа қарай беттеп, оның шет жағында секірейін деп тұрған адамды көреді.
Полицей онымен әңгімелесе отырып, байқатпастан оның жанына келіп, ұстап алады. Қауіпсіз жерге алып шығады. Болған оқиға тәртіп сақшысының видеожетонына жазылған.
Бейнебақылау камералары арқылы ер адамның алдымен көлік астына түспек болғаны анықталды.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі