Шымкентте экскаватор жаяу жүргіншіні басып кетті: Зардап шеккен ер кісі ауруханада көз жұмды
Шымкентте экскаватор жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жүргінші дене жарақатынан ауруханада екі күн жатып көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar.kz басылымына сілтеп.

"2020 жылдың 26 қазанында сағат 09.30-да Шымкент-Ташкент тас жолында орналасқан "автобөлшектер" дүкеніне қарама-қарсы Hyundai Robex 55 w маркалы экскаватор машинисі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 57 жастағы ер адамды қағып кетті", - деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті сенбі күні.
Анықталғандай, түрлі дене жарақаттары бар жаяу жүргінші Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне түсіп, 28.10.2020 жылы дене жарақаттарының салдарынан қайтыс болған.
Экскаватор айып тұрағына қойылғаны атап өтілді. HYUNDAI Robex 55 W машинисінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған