Шымкентте COVID-19 жұқтырған науқастың деректерін таратушы 7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Шымкентте коронавируспен ауыратын науқастың жеке деректерін таратуға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы брифингте ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Брифингте Дәурен Абаевтан ғаламторда COVID-19 жұқтырған адамның аты-жөні қалай пайда болды деген сұрақ қойылды.
"Шымкенттік полиция бөлімі коронавирустық инфекциясы бар науқастың жеке деректерін әлеуметтік желілерде тарату бойынша қылмыстық кодекстің 147-бабының 5-бөлігі жеке өмірге қол сұғушылықты және "Қазақстан Республикасының жеке деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", - деді министр.
Айта кетейік, осы бап бойынша құқық бұзушылар жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды