Шымкентте бір топ бұзақы 3 полицейді соққыға жыққан
Шымкентте белгісіз біреулер үш учаскелік полицейге шабуыл жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, тәртіп бұзушылар учаскелік полицейлердің ескертулерін елемей, тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен.
3 полицейге алты ер адам жабылған. Төбелес кезінде тәртіп сақшыларының мұрындары сынған, қабақтары жарылған, беттері тырналып, қанаған.
"2020 жылдың 28 желтоқсанында орын алған Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АІІБ 3 полиция қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК 380-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы (Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаментінде.
Айта кетейік, аталған бап жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес Шымкент қаласы П Д Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы үш күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Тергеу жалғасып жатыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді