Шымкентте аурухананың ауласында газ баллон жарылды
Шымкенттегі ауруханалардың бірінің ауласында газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаладағы Майлы Қожа көшесінде тұратын жергілікті халық түсте болған қатты жарылыстан шошып кеткен. Тұрғындардың бірі сағат 13:00 шамасында орын алған жәйтке қатысты төтенше жағдай қызметіне хабарласқан.
Тиісті департамент мамандарының айтуынша, облыстық клиникалық аурухананың ауласындағы бастырманың астында тұрған көмір қышқыл газ сақталған баллон жарылған.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 21 қызметкері мен жеке құрам және 5 техника жұмылдырылды.
Жамбыл облысында ер адам аяғы ауыр әйелін молаға апарып ұрып-соқты деп айыпталды
Ер адам әйелін үйден рұқсатсыз шыққаны үшін ұрып-соққан
Әр велосипедтің құны 1,3 миллион теңгеден асады: Астана әкімдігі мұны не үшін алғанын түсіндірді
Елордада бұған дейін салынған велосипед инфрақұрылымының 90 пайызы пайдаланылмай тұр