Шымкентте жасөспірім кәмелетке толмаған қызды зорламақ болды (видео)

Әлеуметтік желіде Шымкентте жасөспірімнің кішкентай қызды көтеріп алып, қашып бара жатқан видеосы тарады. Жасөспірімге қызды зорламақ болды деген айып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде тараған ақпаратқа қатысты полиция пікір білдірді.
“1 ақпанда күдікті жасөспірім көшеде кішкентай қызды ұстап, оны ұрлап әкетпек болған. Оның бұл әрекеті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды”, – деп жазды “Криминальный Казахстан” Telegram арнасы.
Шымкент қалалық полиция департаменті жасөспірімнің үстінен кәмелетке толмаған балаға қарсы заңсыз әрекет жасамақ болғаны үшін қылмыстық іс қозғады.
“1 ақпанда полицияға жасөспірім кәмелетке толмаған қызды ұстаған және оған қарсы құқыққа қарсы әрекет жасауға әрекет еткені туралы арыз түсті. Полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына барды. Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Жасөспірімнің ата-анасы полиция бөлімшесіне шақырылды”, – деп хабарлады ведомство.
Полиция психолог маман қызбен әңгіме жүргізетінін атап өтті. Қазір қыздың өміріне және денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
- "Ұйықтап жатқанымда санымды сипамақ болды": Қазақстандық қыздар пойызда ер адамдардан көрген қорлығын баяндады
- Қарамағындағы қызметкерін зорлауға оқталды деген қарағандылық әкімнің жазасы жеңілдемек
Қажет тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде тиісті процессуалдық шешім қабылданады.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек