"Өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім" деген ресейлік бойжеткен 10 тәулікке қамалды

Желіде Қазақстан туралы даулы мәлімдеме жасаған Ресей азаматшасы 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейлік бойжеткеннің видеосында “өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім” деген сөзі желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың наразылығын тудырған еді.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізген.
“Тексеру барысында шетелдік азаматшаның қоғамдық орында былапыт сөздерді дөрекі түрде қолданып, қоғамдық тәртіпті және Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзғаны анықталды. Мұндай әрекеттер құқықбұзушының мәртебесіне қарамастан назардан тыс қалмайды және міндетті түрде құқықтық баға беріледі”, – делінген полиция хабарламасында.
Дерек бойынша ұсақ бұзақылық бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған.
ОқыңызМән-жайы
Еске салайы, бұған дейін Threads желісінде жарияланған видеода ресейлік бойжеткен жеке сәйкестендіру нөмірінсіз банк шоты мен картасын тез аша алмағанына наразы болғаны хабарланған еді. Оның айтуынша, бірнеше күн бойы ХҚКО мен банк арасында жүруге мәжбүр болған.
Видеода бойжеткен бейәдеп сөздер айтып, жергілікті қызметтердің жұмысына қатысты дөрекі пікір білдірді. Желі қолданушыларының ерекше назарын оның “Мен өзімді Ресейдегі өзбек сияқты сезіндім” деген сөзі аударған.
Көптеген қазақстандық бұл пікірді мигранттар мен өзге ұлт өкілдеріне қатысты тәкаппар әрі құрметсіз сөз ретінде қабылдады. Пікір жазғандар шетелдіктер үшін ЖСН рәсімдеу – Қазақстандағы стандартты тәртіп екенін, онсыз көп мемлекеттік және банк қызметін алу мүмкін емес екенін атап өтті.
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті