Шымкентте үш бала көліктің жүксалғышында тұншығып мерт болды
Шымкентте үш бала көліктің жүксалғышына кіріп, қайта шыға алмай қалған. Балалардың екеуі оқиға орнында жан тапсырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 19 мамыр күні болған. Ата-аналарының жоқ екенін пайдаланған балалар көліктің жүксалғышына кірген. Алайда қайта шыға алмай қалған.
"Екі бала сол жерде мерт болды, үшінші бала бүгін жансақтау бөлімінде көз жұмды", – дейді қалалық полиция департаменті.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.
"Өш алу үшін жасады": ҚазҰУ-да жұмыстан кеткен оқытушылардың бірі даудың қалай басталғанын айтып берді
Жұмыстан босатылған 4 оқушының біреуі сұхбат берді
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"