Шымкент мектептеріне 22 миллион теңге айыппұл салынды
Шымкент мектептері санитарлық норманы сақтамағаны үшін 22 миллион теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Хабар 24” арнасына сілтеме жасап.
Сурет: “Хабар 24” түсірілімінен скриншот
Санэпидбақылау департаментінің мамандары өткен оқу жылында мегаполистің барлық білім беру мекемелерін тексеріп, 91 мектепте бұзушылықтар анықталды.
Оқу орындарында тазалық жұмыстары жеткілікті деңгейде жасалмаған, мектеп жиһазы мен раковиналардың бүлінгені байқалып, мектеп мүлкінің дұрыс таңбаланбағаны анықталды.
Осы оқу жылында мектептер жоспарлы тексеру барысында тағы ескерту алды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша 139 лауазымды тұлғаға айыппұл салынып, төлем сомасы 22 миллион теңгеден асты. Оның 85-і жеке тұлғаларға, 54-і лауазымды тұлғаларға салынған. Айыппұл дер кезінде 100% - ға жуық төленді", - деді Шымкент қаласы санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов.
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"