Шығыс Қазақстан облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті: Бірнеше вагон Ертіс өзеніне құлады (видео)
Шығыс Қазақстан облысын жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Оқиға Өскемен-Күмістау теміржол аймағында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде көпір маңында рельстен шығып кеткен вагондардың видеосы тарады. Куәгерлер 10 вагонның аударылып, тағы 6 вагонның Ертіс өзеніне құлағанын айтқан.
Кейін "Қазақстан Темір жолы" ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның 3 сәуірде 12:04-те болғанын айтты.
Жүк пойызының барлығы 18 вагоны рельстен шыққан. Пойыз 37 км/сағ жылдамдықпен қозғалған. Кен тиелген екі вагон Ресей меншігінде, өзге он алты вагон "ҚазцинкТемірТранс" ЖШС-ға тиесілі.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде