Шығыс Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүргізушілерден пара алған
Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының 7 қызметкері жүйелі сыбайлас жемқорлық үшін сотталды. Олар 2021 жылғы шілде-қыркүйек аралығында алдын ала сөз байласу арқылы жүк тасымалдаушылардан облыс аумағы бойынша кедергісіз жүріп-тұру және жалпы қамқорлық үшін 10-нан 300 мың теңгеге дейін пара алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында жауапкершіліктен жалтарудың жиі қолданылатын схемасы анықталды.
“Талдау барысында инспекторлар тексеру іс-шаралары кезінде бейнетіркеу тәртібін сақтамайтыны анықталды. Іс жүзінде барлық жағдайларда олар тек көлік құралын тоқтату және қажетті құжаттарды сұрау процесін тіркеген. Бақылау рәсімінің өзі тіркелген жоқ, ал қолда бар 289 бейнежазба бойынша күндер мен уақыттарда сәйкессіздіктер анықталды”, – делінген агенттік хабарламасында.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"