Шығын көлемі 1 миллиард теңге: "Капитал мечты" қаржы пирамидасының басшысы ұсталды
"Капитал мечты" қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы салымшыларға 1 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Капитал мечты" ЖШС қаржы пирамидасына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті аяқтады.
ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10%-ын төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржы (инвестициялық) пирамидасы құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.
Қаржы пирамидасының басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Қылмыс әрекетінің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келгені анықталды. Оның жалпы соммасы 1 миллиард теңгеден асады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты