Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шейхтардың сауық кешіне баратынын айтқан": Дубайға барып жоғалып кеткен 20 жастағы бойжеткен хәл үстінде табылды

Дубайға саяхатқа кетіп, кейін жоғалып кеткен украиналық 20 жасар бойжеткен хәл үстінде табылды. Анасының айтуынша, ол сол жақта жүргенінде модельдік жұмыспен шейхтердің сауық кешіне баратынын айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SHOT Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Әлеуметтік желілерден

20 жастағы Мария Ковальчук 15 ақпанда Біріккен араб әмірліктеріне ұшып кеткен. 9 наурыз күні ару өзінің туған күн кешінде  өздерін модельдік агенттіктің қызметкеріміз деп таныстырған екі ер адаммен кездескен. 

Кейін Мария анасымен сөйлескенінде, қонақ үйге бейтаныс адамдарға баратынын айтқан. Ал 11 наурызда арудың Тайландқа ұшатын күні Марияның телефоны өшіп тұрған. Ресейлік 18+ фильмдерінің актрисасы және "ашық микрофон" шоуының қатысушысы Ангелина Дорошенкова кейін құрбысының жоғалғанын хабарлады.

Туыстары Марияны жыныстық құлдыққа түсті деп қорықып, жергілікті полицияға жүгінген. Сегіз күннен кейін қыз Дубай ауруханасында ауыр жағдайда табылды. Марияның анасы Анна Ковальчук қызына үш ота жасалғанын айтты.



“Бүгін Маша ауруханадан ауыр жағдайда табылды. Құжатсыз, телефонсыз, ештеңесіз жатыр. Оған төрт операция жасалған. Сөйлей алмайды", – деді қыздың анасы.

SHOT арнасының мәліметінше, Мария алдыңғы түнде қол, аяқтары және омыртқалары сынған күйде жол жиегінен табылған. Қыз қазір қозғала алмайды, тек ернін ғана қозғалта алады.

Талқылау